"Құны жарты миллиард теңге": Абай облысында 265 мың ағаш ұрлағаны үшін екі адам сотталды

Абай ауданында “орман ұрылары” сотталды. Айыпталушылар "Семей орманы" қорығына отырғызылуы тиіс 260 мыңнан астам жас қарағайларды ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл көктемде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ағаш ұрлағандардың қылмысын әшкереледі. Бесқарағай ауданында тұратын 38 және 40 жастағы азамат ағаш көшеттерін сатып, пайда таппақ болған. Екеуі де – резерваттың бұрынғы қызметкерлері. Алайда қылмыс жасалған кезде ол жерде жұмыс істемеген.
Осылайша күдіктілер аса ірі көлемде ұрлық жасаған.
Кәсіпкерлікпен айналыспақ болған азаматтар Павлодарда тауармен бірге ұсталды. Ұрланған заттың құны жарты миллиард теңге деп бағаланған. Кейін қайта есептегенде, айыпталушылардың 265 мыңға жуық көшетті қолды қылғаны анықталды.
Қылмыскерлер бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”