Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құлағалы тұрған қабырғаны тақтайшалармен тіреп қойдық": Түркістан облысында бес жыл бұрын салынған мектеп қирауға шақ тұр

Шардара қаласының тұрғындары бес жыл ғана бұрын салынған мектепке балаларын оқуға жіберуге қорқып отыр. Қабырғаларының құлап кету қаупі болғандықтан, оқу ордасының бірнеше сыныбы жабылған. Ал мектепті салған компания құрылыс мерзімінің өтіп кеткенін алға тартып, кемшіліктерді жоюдан бас тартып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar сайтына сілтеме жасап.

Мектеп развал

250 орындық мектеп Шардара қаласының іргесіндегі Өтеғұлы ауылында орналасқан. Мектеп бес жыл бұрын ғана қайта салынып, пайдалануға берілген, алайда мұнда білім алу оқушылар үшін күн сайын қауіпті боп барады. Мектеп асханасының қабырғалары қисайып, құлауға шақ тұр. Мектептің бұл бөлігін оқу орнының басшылығы жауып тастауға мәжбүр болған.

"Бұл жердің жері нығыздап, тегістелмеген. Сондықтан қабырға жарылған", –  дейді мектеп директорының орынбасары Нұржамал Әділова.

Құрылыс барысында көптеген кемшіліктер анықталып, оларды жою қажет болғандықтан нысан пайдалануға кешіктіріліп берілген. Соған қарамастан мектеп бір жылдан кейін пайдалануға беріледі, бірақ аз уақыттың ішінде қабырғаларда терең жырықтар пайда болып, балаларға қауіп төнген.

"Бұл қабырға қисайып кеткен. Біз оны құлап кете ме деп қорқамыз. Өте қауіпті. Сол себепті өзіміз құлағалы тұрған қабырғаны тақтайшалармен тіреп қойдық. Енді сүріп тастағалы жатырмыз. Ал мердігер мүлдем келмейді де", – деп жалғады Нұржамал Әділова.



Мектепке балалардың ата-аналары да келген. Олар мұндай жағдайда балалар білімнің орнына жарақат алады деп қорқады.

"Менің балаларым осында оқиды. Тағы бес балам осы жерде оқитын болады. Бірақ қалай екенін өзім де білмеймін. Шынымды айтсам, олар үшін қатты алаңдаймын. Олар жоғары қабатқа көтеріліп келе жатқанда, қабырғалар құлап, қирап қалса ше? Елестетудің өзі қорқынышты", – деп алаңдайды Шардара қаласының тұрғыны Зоя Есбосынова.

Басқа қабырғаларда да жарықтар пайда болған. Мектеп директоры нысанды қабылдап алған құрылыс бөліміне және облыс басшылығына да арызданғанымен, нәтиже болмаған. Биылғы жылдың жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатты мұғалімдер дұрыс жасалмаған орындарды жамап-жасқауға мәжбүр.

"2017 жылы Ордабасы ауданында да мектептер салынды. Бірақ, өкінішке орай, Сайрам өңірінде де жағдайда тұрған мектеп бар. Сондай-ақ Мақтаарал мен Жетісай аймақтарында. Бұл мектептерге бізден ақша сұрайды, ал Жетісайдың өзінде мұндай жағдайда тұрған үш мектеп болса, Сарыағаш пен Қазығұртта тағы бір мектеп бар", – деп түсіндіреді облыстық Адами даму басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Басшылық сонымен қатар жосықсыз құрылыс салушылар тізімін жасап, оны құқық қорғау органдарына беруді жоспарлап отырғандарын жеткізді. Нысандарды қабылдағандар да жазалануы керек, дейді облыстық білім басқармасы. Бірақ бұл құрылысшылардың қателіктерін өз қолдарымен жамауға мәжбүр болған мұғалімдерге еш көмектеспейді.

Талқылау