Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуім кактус берсе де ризамын": Қыран Талапбектің әйелінің сөзін жақтаған коучтың пікірі елге ұнамады

Танымал коуч, блогер Роза Әшірбаева Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып, “Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын реттеймін” деп курс сатып, сынға қалған блогер Гүлзада Тұрлаш туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Белгілі мобилограф Қыран Талапбек пен актриса Гүлзада Тұрлаш шаңырақ көтерген еді. Екеуінің де бірінші некелерінен ұлдары бар. 

“Маған өте көп хат келіп жатыр. Қыранның әйелінің курсы туралы не дейсіз деген сұрақ өте көп. Өз басым ол қызбен жақсы таныс емеспін. Курсын сатып алмағанмын. Бірақ парақшасына кіріп, танысып шықтым. Өте әдемі қыз екен. Ол ақымақ емес. Бір ойын оқып қалдым. Қыранмен кездесіп жүргенде оған гүл бермейді екен. Уақыт өте келе гүл берген, бірақ қызға ұнамаған. Әлеуметтік желіге салуға ұялады. Бір күні Қыранға: “Берген гүлдерің ұнамайды” деп ашық айтады. Басқа қыздар сияқты іштен тынып жүрмейді. Бұл мәселеде оның айтқанын қолдаймын. Қыздар, жігітке не ұнап, не ұнамайтынын айтқан дұрыс”, – деп есептейді психолог. 

Актрисаның ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсарту жөнінде экспертпін деген сөзіне шүйлікті.

“Әңгімесін тыңдап отырып, жақсы дүниелер айтыпты деп ойлап үлгермедім. “Ер мен әйелдің қарым-қатынасын жақсартамын” деген сөзі құлаққа түрпідей тиді. Ол қыздың продюсері қайда деп іздедім. Инфобизнесте продюсер деген маман бар. Көп адам біле бермейді. Тауардың жарнамасымен айналысады. Гүлзаданың хейтерлердің қолына түсіп қалғаны өзінің кінәсі емес, продюсердің біліксіздігі. Оның орнында кез келген адам болуы мүмкін. Тауардың дені продюсер мен маркетологқа тікелей байланысты”, – дейді блогер коуч.

“Жігітке гүлдің ұнамайтынын айтқан дұрыс” деген психологтың пікірі оқырмандарына ұнамай қалды. “Жақсы көрген адамыңнан кактус берсе де аласың” деген сыңайдағы оқырман пікірі көп. 

Талқылау