"Күйеуім де білмейді": Әсел Асқар түрлі елдерде жеті пәтері бар екенін айтты
Әсел Асқар Қазақстан мен Түркияда жеті пәтері бар екенін мәлімдеді. Блогер алдағы уақытта БАӘ-ден, Ресей мен Испаниядан үй алуды жоспарлап отыр. Бір қызығы, Әселдің күйеуі бұл иеліктерден хабарсыз болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менде мүлік көп. Аланияда екі бөлмелі, Стамбұлда бір бөлмелі үйім, Астанада екі пәтерім, Алматыда үш пәтерім бар", – деп бөлісті Әсел.
Одан бөлек, блогер жақында Дубай мен Мәскеуден үй алуды жоспарлап отырғанын айтты.
"Испанияда да өзімнің заңды 150 шаршы метрімнің болғанын қалаймын. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Оның барлығын жариялай бермеймін. Қарапайым күйде анамның үйінде тұрып жатырмыз. Не болыпты?
Туыстарым да білмейді. Тіпті күйеуімнің хабары жоқ. Осыны оқып, таңғалатын болды", – дейді Әсел Асқар.

Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы