Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күтпеген жерден тұмар тақты": Мақпал Жүнісова кішкентай көрерменіне риза болып, бриллиант сақинасын сыйлап жіберді

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзіне алқа сыйлаған кішкентай көрерменінің қолын бос қайтармады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі ризашылығын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты, риза болғаным соншалық, "анаң тағып жүрсін" деп бриллиант сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім, аман болайық. Мен өзім сатып алғандарды сыйлап жүремін. Әрине көңіл ғой, одан кедей де, бай да боп кетпеспіз. Ең қымбаты – денсаулық”, – деп жазды әнші.



Еске салайық, Бибігүл Төлегенова әріптесі Мақпал Жүнісоваға білезік таққанын жазған едік. 

“Менің жасымды берсін! Сен тағып жүр. Саған келеді”, – деп айтты Бибігүл Төлегенова. 

“Міне, көрдіңіздер ғой, қолындағы алтын бриллиант білезігін маған тақты. Ел аналары деп осындай кісілерді айту керек. Көп рақмет, сізге! Басымды иемін”, – деп алғысын білдірген еді халық әртісі. 

 

Талқылау