Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн жылынады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақталады. 

Республиканың батысына қарай, солтүстік-батыс циклонның шұңқыры жылжи бастайды. Салдарынан 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батысқа, 21 ақпанда елдің солтүстігінде қар, желдің күшеюі және көктайғақ болады. 

Еліміздің барлық аумағында температура жоғарылайды деп күтілуде. Термометр бағандары келесідей температураны көрсетеді: батыста түнде -5...+5 градусқа дейін, күндіз +2...+13°C-қа дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16°C-қа дейін, күндіз -8...+ 2°C-қа дейін, орталықта, шығыста түнде -8...-17°C-қа, күндіз -1...-10°C-қа, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5°C-қа дейін, күндіз + 5...+13°C дейін жылынады. 

Талқылау