Күн жылынады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" 14-16 қазан күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 градус жылы болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7...15 жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 градус жылы болатыны болжанады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды