"Күлше қыз": Ерке Есмахан мен AZ фанаттарын күлдірді
Азамат Зенкаев желіге Ерке Есмаханмен түскен кезекті видеосын жүктеп, қызу талқыға түсті. Бейнежазбада қос ғашық ханшайым мен ханзаданың кейпінде шыққан, деп жазады Stan.kz.

"Аяқтарыңды жуып жүріңдер", – деп әзіл жазба қалдырды рэпер. Желі оқырмандары күлкіге қарық болды.
"Бәрі әдемі басталып еді", "Сондай әдемісіздер, бақытты болыңдар. Күлкілі жағдай, әрине. Бірақ сіздердің сұлулықтарыңыз бәрін жауып тұр", "Ең күшті жұп", "Күлше қызды түсірген түрлерін-ай", "Нағыз махаббат", – деп жазды оқырмандар.