Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күлкілі емес пе?": Мұхтар Тайжан Димашқа ақыл айтқыштарды орнына қойды

Экономика ғылымдарының кандидаты, блогер Мұхтар Тайжан әлеуметтік желілерде танымал жас әнші Димаш Құдайбергенге сын айтушыларды сөгіп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ютубты қарасам, қазақта не көп ми я ақыл көп екен. Ақыл-кеңес айтуға құмармыз. Сен былай бүйтпе, былай сөйт. Тек іске келгенде данышпандарымыз жоғалып кетеді. Саясатта солай екенін білесіздер. Ал енді сол данышпандар Димаш баламызға ақыл айтқыш болып кетті. "Жұлдыз болғың келсе сен былай жаса", деп, ақыл айтып жатыр. Ол күлкілі емес пе өзі? Құдайға шүкір Димашты Қытай, АҚШ, Европа, Ресей жұлдыз ретінде баяғыда мойындап отыр. Миллиондаған фанаттар қазақ әңдерімізді жатқа меңгіріп сайрап жүр! Димашқа ақыл айту қойыңдар, оған бізден тек ақ тілектеріміз керек! Тіл көзден Жаратқанның өзі сақтай гөр, жолың әрқашанда ақ болсын!"- деген жазба қалдырыпты М. Тайжан. 

Блогердің оқырмандары оның айтқанын қолдап, өз пікірлерін қалдырып жатты. 

"Соңғы уақытта Димаш туралы оқыған пікірдің алды осы болды", "Дұрыс айтасыз", "Басқа елдер әртісін мақтап, атақ жинаса, біздікілер, керісінше даттап, атын шығаруда" деген пікірлер қалдырыпты желі қолданушылары. 

 

 

 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр