Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күдіктене бастады": Жұлдыз Әбдікәрімова үйінен айырылып қалғанын Қайрат Нұртасқа қалай жеткізгенін айтты

Құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының әкесі Қайрат Нұртас оқиғаны қалай қабылдағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Кино жұлдыз баспана өзгертуге қатысты шешімге бармас бұрын күйеуімен ақылдасқанын журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жасырмады. 

“Әлемде пандемия болып, карантин кезінен шыққан кезде бізде балалар әлі кішкентай еді. Балалар үйде қамалып отырып қалды, есік алдына шыққысы келеді. Дастарқан басында балалар жер үй болғаны жақсы деген сөздер айтып жүрді. Үйді сату немесе алмастыру үшін заң түрінде жолдасыңның келісімі болуы керек. Сондықтан Қайрат бұл жайлы білді. Қайратпен бардық, көрдік, ақылдастық, әуежайға жақын екені ұнады. Ұсынысы бізге ыңғайлы болды. Қайратқа да ол жер ұнады", – деді актриса.



Отандық киножұлдыздың сөзінше, Қайрат Нұртастың баспанаға қатысты сұрақтары көбейіп, күмәндана бастаған.

Кейін Қайрат менен енді қашан болады деп сұрай берді. Ол күдіктене бастады. Негізі Қайраттың интуициясы өте жақсы дамыған. Ол 2022 жылдың соңында бірдеңе таза емес деді. Алаяқ болып шыққанын естігеннен кейін, әрине, Қайратқа айттым. Осындай жағдай болып қалды дедім. Ол сабырмен қабылдады. “Бастысы, аман болайық, еңбектеніп, тағы да бір үй алармыз. Енді не істейсің?” деді. Мен "соңына дейін барамын" дедім. Әйтпесе, ол алаяқ ертең өзгені де алдайды", – дейді өнер иесі.

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова ақшадан қиналып жүргенін мойындаған еді. 

Талқылау