Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күдебаев Қырғыстан шекарасына тау арқылы өтуі мүмкін – ҰҚК шекара қызметі

ҰҚК шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қай аймақ арқылы шыққанын тексеріп жатқанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс алаңында ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаевтың Қырғызстан шекарасы арқылы қашқанын, бірақ ресми бекеттер арқылы өтпегені анық екенін айтты. Бұл ретте Алдажұманов қашқын генералдың Қырғызстанға тау арқылы өтуі мүмкін екенін мойындады.

Қазір қазақстандық шекарашылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өтуге болатын жерді іздестіруде. 

Шекара қызметінің директоры Қырғызстанмен мемлекеттік шекара 1257 шақырымды құрайтынын, ал қашқынның Алматы бағытында Алатау жотасынан өтуі мүмкін екенін болжады.

“Менің ойымша, Күдебаев тау арқылы Қырғыстан шекарасынан өткен болуы мүмкін. Егер адам іздеп қараса, бұл бағытта техникалық қорғаныс құралдары жоқ, шығуға мүмкіндік бар жерлер болған шығар. Оны анықтау үшін тексеру жүргізілуде", - деді Алдажұманов.

Талқылау