Қуандықпен дуэт айтқан Ақбота-Нұр сынға ұшырады (видео)
Дуэттегі сыңарын ауыстырудан шаршамайтын Қуандық Рахым енді Ақбота-Нұрмен жұптасты. Ол бұған дейін Альбина Шардаровамен бірге орындаған “Алтыным” әнін Сейітмағамбетпен бірге шырқады, деп жазады Stan.kz.
Алматыдағы зәулім сарайда алғашқы ән кешін өткізгеннен кейін Қуандық гастрөлдік сапарын бастады. Ол қазіргі уақытта өңір-өңірді аралап, концерт беруде. Бұл жолы оның жанында бұрын дуэт айтқан қыздардың бірде-бірі жоқ. Есесіне Гаухар мен Альбинаның орнын енді атышулы Ақбота Сейітмағамбет басты.
Алайда жұлдызды жұптың су жаңа дуэті баршаға бірдей ұнай қоймады. Оны желіде Ақботаның тарапына айтылған жағымсыз пікірлерден байқадық.
“Альбина жақсы айтатын”, “Ақботаның даусы жоқ, жанды дауыста ән айта алмайды”, – деп сынады тыңдармандар.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Ақбота продюсер Жанна Әбуованың өзіне көп көмек көрсетіп жатқанын айтқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Жақын досы Айқынның екі отбасын асырап отырғанын ашық айтты
Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесімен жаға жыртысқанын ашық айтты
Мейрамбек Бесбаев: Мерейтойыңда тілек айтамыз деп жүргенде, жаназаңда сапқа тұрып қалдық (видео)
Асхат Садырбай бұрынғы енесін туған күнімен құттықтап жұртты сүйсіндірді