Қуандық Рахымның туған ағасы көз жұмды
Әнші Қуандық Рахымның туған ағасы қайтыс болды. Қайғылы хабарды әншінің өзі хабарлады.
"Аға едің көңілің жарқын-ақ, Адалдығыңмен арқырап. "Інім" деп құшақ жайғанда, Қабағың неткен жарқын-ақ". Тілеулес жандар дұғада болса екен. Барымыздың бағасын білейік. Айтайын дегенім осы еді", - деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Әнші марқұм ағасы екеуінің түскен суретін қатар жариялады. Тыңдармандары оның туған ағасы екенін айтуда.
Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.
"Қаза қайырлы болсын, артының қайырын берсін", "Иманы жолдас болсын", "Жаны жәннатта болсын. Мұңаймаңыз. Рухы пейіште шалқысын", - дейді олар.
Бұған дейін берген сұхбаттарында Қуандық отбасында төрт ағайынды екенін айтқан болатын. Бәрінің өнерге жақын екенін атап өткен еді.
Тағы оқыңыз
Қуандық Рахым: Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді