Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтып берді

Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын толығырақ баяндап берді.

6bc9b2ba7246a3dd1913d53da68dc2eb_med

Фото: khabar.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Есентаева зардап шеккен қақтығыс 10 маусымда Құлжа тас жолында Еңбек ші ауылының маңындағы жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы тұста болған. Tengrinews.kz тілшісі оқиға болған жерге барып, куәгермен әңгімелесті.

Куәгердің айтуынша, жанармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста екі көлік тұрған. Олардың маңында ер адам мен әйел ұрысып жатқан. “Шулы орын болғандықтан олардың айғайы естілмеді. Ер адам көшеде тұрды, әйел болса көлікті айнала жүгіріп, терезесін қағып жатты. Бастапқыда назар аудармадық, қыз бен жігіт ұрысып жатқан шығар дедік те қойдық. Кейін ғана танымал адамдар екенін білдік”, – дейді куәгер.

Оның айтуынша, көліктер шамамен 15-20 минут тұрған. Есентаеваның соққыға жығылған сәтін ол байқамапты, бір уақытта екі көлік те кетіп қалыпты. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем келген, бірақ куәгердің айтуынша, ол жақта ешкім болмаған. Ал Баян Есентаеваның ауруханаға қалай жеткені әзірше белгісіз.

Сонымен қатар, тілші Талғар ауданындағы Орталық ауруханада болды. Мұнда болжам бойынша Есентаева жатыр. Ауруханадағылар продюсердің ауыр жағдайда келіп түскенін және жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.


Жіберіп алмаңыз:

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

 

Талқылау