Криштиану Роналду Еуропа чемпионатында Португалия құрамасына шақырту алды
Сауд Арабиясының "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Германияда өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтарына Португалия құрамасына шақырылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

The Athletic басылымының хабарлауынша, 38 жастағы Роналду Португалия ұлттық құрамасының 23 және 26 наурызда өтетін Лихтенштейн мен Люксембург құрамаларына қарсы өткізетін матчтарына қосылатын болады. Айта кету керек, бұл ойындар Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес үшін алғашқы ойындар болмақ.
Роналдудың Португалия сапындағы соңғы ойыны 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының ширек финалында өтті.
Қызылордада дәрігерлер әйелге кесарь тілігін жасаған кезде қуығын тесіп алған: Ол бес ай бойы жөргек киіп жүр
Қазір отбасы әйелді Алматыға емделуге жіберуге дайындалып жатыр
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған

