Зейнет жасын төмендету, жаңа ипотекалық бағдарлама: Қазақстандықтар 4 жаңа петицияға қол қоя алады
Еpetition.kz платформасында төрт жаңа петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтар 4 петицияға қол қоя алады:
- Түсінікті және қолжетімді тарифтерді белгілеу;
- Криптовалюталарды пайдалануды реттейтін заңнаманы қабылдау;
- Үйлерінің шаршы метрін ұлғайтқысы келетіндерге мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар шығару;
- Кеншілердің зейнеткерлік жасын қысқарту.
Петиция жұмыс тобында мақұлданып, әрі қарай қарау үшін кемінде 50 мың дауыс жинауы керек.
Қазақстанда 4 сәуірден бастап петициялар беруге арналған ресми платформа жұмыс істейді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда шенеуніктерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салу бойынша петицияны қарау нәтижелері жарияланғаны айтылды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды