Криптомиллионер алаяқтарға 69,3 миллион доллар аударып жіберген
Криптомиллионер алаяқтарға алданып, биткоин жинағының 97%-ынан айырылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Business Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Алаяқтар криптовалютамен жұмыс істейтін трейдердің мекенжайына ұқсас мекенжайы бар шот ашқан. Олар миллионердің шотына аздаған сомада ақша аударып отырған екен.
Кейін трейдер қателесіп, 69,3 миллион долларлық биткоинді өзінен басқа біреуге аударған. Қазір оның шотында қалған криптовалюта құны 1,7 миллион доллардан да аз.
Алаяқтар ұрланған биткоиндерді басқа криптовалютаға – Ethereum-ға айырбастап жіберген.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен