"Көзіне арматура қадалып қалған": Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші тіл тартпай кетті
Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті. Оның көзіне арматура қадалып қалған. Ал жанындағы жолаушы ауыр хәлде ауруханада жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Оқыс оқиға түнде болды. Жүйткіген "Тойота" былтырдан бері қазулы жатқан үлкен шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізуші ордың жан-жағына қойылған ескерту белгісін де елемеген.
Жылу жүйесі жөнделіп жатқан тереңдігі бірнеше метр шұңқырға құлапты. Көлік тізгініндегі азаматтың көзіне құрылыс орнындағы арматура қадалған. Ауыр жарақат алған ол сол жерде бақилық болса, жанындағы жолаушы ауыр халде жатыр.
"Қанды ісік, кеудесі, көкірек қуысы, басы жарақаттанған. Тілге енді келді, түсіндіріп айта алмайды, не болғанын білмейді. Амнезия бар. Қандай жарақат алғанын, не болғанын білмейді", - дейді нейрохирург Әшірхан Жандарбеков.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған