Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық мұғалім “ақылды киіз үй” ойлап тапты

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Александр Шерцер эко-туризмді дамытудың жаңа жобасын ұсынды. Осыған орай қостанайлық ұстаз ақылды киіз үй ойлап тапты.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Ұстаз киіз үйлерге күн батареяларын орналастырып, шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізуді ұсынып отыр. Бүгінде бағдарламаны алыс аудандарға жүргізудің жоспары дайын тұр. Мұндағы басты ерекшелік – киіз үйге кіріктірілген күн батареялары бұлтты күні де, қыс мезгілінде де жұмыс істей береді. Демеуші табылған жағдайда, ұстаз бұл істі жақсылап қолға алмақ ниетте.

“Ақылды киіз үйдің” алғашқы нұсқасы дайын. Күн батареяларының арқасында киіз үйге электр желісі тартылады. Ал тоқ күшін ұялы телефондағы Bluetooth-қондырғы арқылы азайтып-көбейтуге болады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Министр: Интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап берулері керек

Астаналық көшеде түкіргені үшін 16 мың теңге айыппұл төледі

Шымкентте полиция қызметкері қыздың ішінен ұрып тастады (видео)

ОҚО-да оқушы латыншада қазақ әріптерін тани алатын 3D-оқулық құрастырып шықты

Талқылау