Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкенінің директоры елордадағы ауруханаға жеткізілді
Қостанай қаласында қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккен директор елордадағы ауруханаға ауыстырылды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Костанайские новости" басылымы облыстың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Дүкендегі өрттен жапа шеккен пациент санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді ауруханаларының біріне жеткізілген.
Қазір жағдайы тұрақты ауыр. Денесінің елу пайызын күйік шалған.
Еске салсақ, өткен демалыста Қостанай қаласында "Оружейная палата" дүкенінде жарылыс болып, артынша өртке ұласты. Ғимараттың шатыры мен қабырғалары құлаған, дүкен толығымен жанып кетті.
Төтенше жағдай салдарынан төрт адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алған. Денесі күйген дүкен директоры ауыр хәлде Қостанайдағы қалалық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды