Қостанайда төтенше жағдай жарияланды (видео)
6 сәуірде өткен брифингте Қостанай әкімі Марат Жүндібаев қалада төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖД
Қала әкімі су тасқыны аймағында тұратын азаматтарды алдын ала эвакуациялауды сұрады.
"Аулаларға су келгенше күтудің қажеті жоқ, тұрғындар "Олай бұрын болмаған, тек бақшамыз бен іргетас суға кетеді" дейді. Су екі есе үлкен... және одан да көп болуы мүмкін. Су келе жатыр. Бүгін түскі уақытта бірінші келген суды сеземіз, кешке қарай екіншісі келеді", – деді әкім.
Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, төтенше жағдай жарияланған аудандарды аралаған еді.
Тұрғындарға Тобыл өзені арнасынан асып, Қостанай қаласының шеткі аудандары мен елді мекендерін су басуы мүмкін екені ескертілген.
"Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек" деген қарағандылық мұғалім жұмысынан кетті
"Хиджабты мектепте кимейді" дейді мұғалім өзінің қыздары жайлы
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі