Қостанайда мамонттың сүйегі табылды
Қостанай маңындағы демалыс орнының басшысы мамонт сүйегін тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап.

Юрий Пирогов "Каньон" демалыс орнын жақында ғана сатып алған. Мұнда бұрын шағын көл болған. Алайда ол тартылып қалғандықтан, Юрий көлді қалпына келтірмек болыпты. Экскаватор бұрынғы көлдің орнын қазып бастағанда мамонт жауырының бір бөлігін алып шыққан.
Сүйекті Юрий Пирогов мұражайға табыстады. Мұражай қызметкері Андрей Андрющенконың сөзінше, сүйек бұл жерге өзен суымен ағып келуі мүмкін. Ал қалған бөліктері жақын маңда болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Енді мамандар мамонттың бас сүйегін табуды да жоспарлап отыр.
Мамонт сүйегі Қостанайға жақын маңнан алғаш рет табылды.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қалам лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген