Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты, қаза тапқандар бар

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы alau.kz. хабарлады.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін “Қостанай-Мамлютка” тас жолының 77 шақырымында болған.

“Кia Carens” көлігін тізгіндеген 59 жастағы жүргізуші Қостанай қаласынан келе жатқан. Ер адам рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетті.

“Осы сәтте жеңіл көлік қарсы беттегі КамАЗ-бен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен 49 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды”, — дейді ІІД өкілі.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сот сараптамалары белгіленді.

Тағы оқыңыз:

Алматыда егіз балаларын өлтірген ата-анаға үкім шығарылды

Италияндық дәрігер жерлеу бюросының тапсырысымен науқастарды өз қолымен өлтіріп келген

26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды (фото)

Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады

Талқылау