Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда оқушының әкесі мұғалімнің жағын сындырды

Қостанайда Горький атындағы гимназияда дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі соққыға жығылды. Оған жұдырық сілтеген оқушының әкесі болып шықты.

Қостанайда екінші сынып оқушысының әкесі мұғалімнің жағын сындырды

Бұл туралы «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, оқиға 22 қаңтарда мектепте орын алған.

Гимназия директоры Ирина Шушпанованың сөзінше, сол күні оқушы қыздардың бірінің әкесі мектепке келіп, сынып жетекшімен қызының үлгерімі туралы сөйлескен.

«Оқиғадан кейін дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі сабақ кезінде қызға бірнеше рет ескерту жасағанын айтты. Алайда оқушы құлақ аспаған. Сол кезде мұғалім оған әдептілікке жатпайтын сөз айтыпты. Бұл балағат сөз емес, алайда кемсітетін сипақта ие. Сол уақытта әкесі мектепте болғандықтан, оқушы қыз оған бәрін айтып берген. Ал бұл кезде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі балаларды спорт залынан өз кабинеттеріне алып келіп, сынып жетекшіге тапсырып, өзінің жұмыс орнына бара жатқан екен Оны екінші сынып оқушысының әкесі шақырып, оның дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі екеніне көз жеткізіп, ұрып-соға бастапты. Ол мұғалімнің жағын сындырды. Оқиға дәлізде болған. Ол жерде ешкім боламаған. Тек оқушы қыз жанында тұрып, бақылаған», – дейді Ирина Шушпанова.

Басылым мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер мұғалімді алып кеткен. Қазіргі уақытта ол есте сақтау қабілетінің нашарлағанына шағымданады. Ал оқушы қыздың әкесі өзін кінәлі санамайтынын айтып отыр.

Мектепте соққыға жығылған мұғалім құқық қорғау органдарына шағымданыпты. Бұл орайда оқушының әкесі де қызына кемсітетін сөз айтылғаны үшін полицияға шағым түсіруі мүмкін. Ал мұғалімнің таяқ жеген сәті бейнебақылау камерасын түсіп қалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр