Қостанайда әйел есірткіні іш киіміне жасырып өтпекші болды
Қостанай облысы, Рудный қаласында іш киіміне героин жасырып өтпекші болған әйел адам қолға түсті.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Көкнәр-2017” жедел-іздестіру шарасының арқасында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 42 жастағы әйелден ірі көлемдегі героинді тәркіледі.
Тінту кезінде күдіктіден полимерлі түйіншекке салынған зат табылады. Әйел есірткіні іш киіміне жасырған екен.
“Кейін табылған заттар сот-химиялық сараптамасына жіберіліп, оның 45 грамм героинді сақтағаны анықталды. Бұл салмақ ірі көлем болып есептеледі. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297 бабы бойынша тексеру басталды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр”, – деп хабарлады облыстық ведомства.
Полицейлер жыл басынан бері есірткіге қатысты 100-ден астам қылмысты ашқан. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 153 келіні құрапты.
Оқи отырыңыз:
Үйлері “қызыл сызыққа” түскен Алматы облысының тұрғындары қайта бас көтерді
Түнгі уақытта ішімдіктің сатылуын тоқтатуды сұраған үш тілшінің тағы бірі қамауға алынды
12 жастағы Жәнелдің анасы отаға жиналған ақшаны неліктен қайтармай жүргенін айтты
Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек