Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Жеті адам тіл тартпай кетті
Қостанай-Әулиекөл тас жолында жол апаты болып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны желіге жариялады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай-Әулиекөл тас жолының 69-шы шақырымы - Новонеженка және Лаврентьевка кенттері арасында жол апаты болды. Екі джип соқтығысқан.
Lexus автокөлігінде болғандар Қостанайдан Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан. Ал Mitsubishi Pajero жүргізушісі облыс орталығына қарай бет алған.
"Шақыртуға екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Апатқа қатысушылардың барлығы - жеті адам қаза болған. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі ер адам және үш әйел оқиға орнында көз жұмды. Жарақаттары ауыр болған", - деп хабарлады Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиға орнында облыстың полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан