Қостанай облысында шетел азаматынан құны 2 миллиард теңгелік киік мүйізі тәркіленді
Қостанай облысында шетел азаматынан құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полицияның мәліметінше, 22 желтоқсанда “Ақбөкен” жедел алдын алу шарасы шеңберінде, Екатеринбург – Алматы республикалық автожолында полиция қызметкерлері бірлесіп Toyota Alphard автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан 29 жастағы жолаушыға және шетел азаматына тиесілі үш жол сөмкесі табылды.
“Сөмкелерде ақбөкен мүйізі түріндегі 916 дериват, 7,5 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат болды. Болжам бойынша, құқық бұзушы мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтірген”, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байгонов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.
Талқылау

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады