Қостанай облысындағы өртенген ауылдың көрінісін биіктіктен түсірген видео тарады (видео)
Қостанай облысында Аманқарағай ауылының өрттен кейінгі көрінісін биіктіктен дрон арқылы түсірілген видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша Газета" арнасына сілтеме жасап.

Қыркүйектің 3-і күні облыстың Төтенше жағдайлар департаменті орман өртінің Аманқарағай ауылына дейін жеткенін хабарлады. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жан түршігерлік кадрлармен бөлісе бастады.
Кадрларда үйлердің қабырғалары мен іргетасы өртенгенін көруге болады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт мұнай базасының әкімшілік ғимараты мен жақын маңдағы 30 тұрғын үйге жайылған. Кейінірек куәгерлердің айтуынша, ауылда тұтанған өрт жүзге жуық үйге жеткен.
Еске салсақ, Қостанай облысындағы өрт аумағы 3 қыркүйекте 9400 гектардан асқан болатын.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"