Қостанай облысында лауазымды қызметкерлер адам саудасына байланысты күдікке ілінді
Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз әйелді Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деген күдікке ілінді.
Күдіктілердің бірі сот санкциясымен үй қамауына алынды.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.