Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында қызметкер салынып жатқан тұрғын үйді сынағаны үшін жұмыстан шығарылды

Видеодан скрин

Қостанай облысында "Стройбетон" құрылыс компаниясының жұмысшысы мердігер салып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің сапасына күмән келтірген видеосынан кейін жұмысынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрылыс алаңында түсірілген видеода ер адам қоршау конструкцияларының элементтерін көрсетеді.

"Сыртқы қабырғалар блоктан емес, жай ғана гипсокартон. Қорқынышты жағдай. Көршілермен қатты шуламау жағын келісу керек болады", – деп пікір білдірген ол.

Үйдің сапасына шағымданған құрылысшы жұмыстан шығарылды.

"Бізге мұндай адамдар керек емес деді", — деді жұмысшы келесі видеосында.

Қостанай ауданы әкімдігі аталған нысанның құрылысы "Агропромпроект" институты ЖШС әзірлеген және мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама негізінде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әкімдіктің мәліметінше, жоспарлы тексерулер барысында жобадан ауытқу немесе бұзушылықтар анықталмаған. 


Желідегі жазбаға лүпіл баспағандарды қудалаған: Шымкент жастар орталығының басшысы жазаланды


Әкімдік видеода көрсетілген үзінді құрылыс жұмыстарының нақты сапасын көрсетпейтінін атап өтті. Әкімдік пікірінше, жұмысшы жобалық шешімдерді бағалай алатындай біліктілікке ие емес.

"Мұндай әрекеттер құрылыс саласының беделіне нұқсан келтіреді және жалған ақпарат таратқаны үшін құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", — делінген ресми жауапта.

Видеода сныалған балкон құрылысы да бөлек түсіндірілді. Жобаға сәйкес, балкондардың арақабырғалары жылу оқшаулағышымен қапталған каркас құрылымынан жасалады. Бұл құрылымдар жүк көтермейді және тек қоршау қызметін атқарады.

Қостанай ауданы әкімдігі азаматтарды тек сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырып, аталған нысанда сапа бақылауы қолданыстағы нормаларға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Еске салсақ, осыған дейін елімізде құрылысты бақылайтын портал құрылатынын жазғанбыз.

@ramasan10kst87 Казахстан Костанай мкр-н Южный #fyp ♬ оригинальный звук - Рамиль
Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 20:06
Талқылау