Қостанай облысы аудандарының бірінде қарттар үйі өртенді
Қарабалық ауданында орналасқан қарттар мен мүгедектер үйінде өрт шықты Оқиғаға қатысты Қостанай облысы ТЖ Департаментіндегілер пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарабалық аудандық басылымының хабарлауынша, қарттар үйінің қамқорлығындағы азаматтарды "Жас Талап" мектеп жанындағы интернатына орналастырып жатыр. Арнайы күтімді қажет ететіндерді аудандық ауруханаға орналастырған.
Өрт жайлы хабар таңғы 07:30-да келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың шатыры қатты зақымдалған.
"Алдын-ала түскен ақпаратқа сүйене отырып мәлімдейміз. Қарабалық ауданындағы мүгедектер мен қарттар үйінен 51 адам эвакуацияланды. Олардың 13-і – мүгедектер, 38-і – облысымыздың қарт тұрғындары", - деп хабарлады облыстық ТЖД басшысы Біржан Кәрімов.
Өрттің шығу себебі белгісіз. Зардап шеккендер жоқ.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді