Қостанай әуежайы сатылымға шығарылды
Қостанайдағы әуежай сатылымға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 қыркүйекте А.Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ 49% акциясын сату бойынша аукцион өтеді. Аукцион бағасы 4,7 миллиард теңгеден басталады.
Аукционға қатысу үшін 26 қыркүйекке дейін баға ұсынысы бар өтінімді жіберу керек.
Кепілдік жарна – 100 миллион теңге.
Нысанға жөндеу жүргізіліп, ұшып шығу залы, ұшып келу залы, ұшу-қону жолағы және әуе кемелерінің тұрақтары жаңартылды. Әуежайға құйылған инвестиция көлемі 12 миллиард теңгеден асты.
Сатып алушы нысанның мақсаты мен қызметкерлер штатын 5 жыл бойы сақтауға міндетті.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
Қызы туылғанда інісі мен келінін ата-анасы деп көрсеткен қазақстандық оны өз атына тіркей алмай жүр
2028 жылы оның Қазақстанда заңды түрде жүру мерзімі аяқталады