Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қосымша синдромдар басталады": Дәрігер коронавирустан кейінгі қауіп туралы айтты

Коронавирустан жазылып шыққан адамдардың өзінде бірнеше ай өтсе де ағзада дерттің кері әсерлері пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, COVID-19 вирусынан емделіп шыққан азаматтарда үш не жиырма төрт аптадан кейін қосымша синдромдар ушыға бастайды.

Сондықтан дәрігерлер синдромдардың бар-жоғын білемін дегендерге қан, зәр сынамасын тапсыруға кеңес береді. Сондай-ақ созылмалы коронавирус барысында қанның ұюы, электролит пен тропониндердің көлемі, қалқанша безіндегі гормондардың және Д дәруменінің мөлшері де қадағаланады.

“Айығып шыққан науқастарда өте жиі кездесетін, бірінші кезекте тұрған терлеудің тері бездерінің активті түрде жұмыс жасауы. Жиі терлегіштік. Ол медицина терминінде "гиппергидроз" деген диагнозбен белгілі. Осы ковид ауруының салдары деп білемін. Сондықтан жиі бассейнге барып, терлегіш болса, жиі дұрыс жуыну қажет. Антисептикті дұрыс пайдалану керек”, – дейді дәрігер-дерматолог Жанна Әпсейова. 

Талқылау