Көшеде "қарумен" жүрген никабтағы қыздар ақтаулықтардың зәресін алды
Ақтауда никаб киген екі қыз ойыншық автоматтарын ұстап, түнде көше аралап жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz
Ақтау тұрғыны жабық киінген қыздардың қару асынып жүргенінен шошып қалған. 26 шілдеде кешке ол күйеуімен кафеден үйіне жаяу қайтып келе жатқан. 5-ықшамауданнан 4-ықшамауданға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан екен. Сол кезде ер адамға автомат кезеген екі қызды көріпті.
“Олар мәз болып, күліп жатты. Шынымды айтсам, мен таң қалдым, өйткені басында бұл ойыншық автомат екенін білмедім. Кейін атылған даусына қарап, ойын екенін түсіндім”, – дейді тұрғын.
Ол мұндай әзілдің орынсыз екенін айтты.
“Олардың арам ойы болмағанын білемін. Меніңше, ерегесіп істеген сияқты. Десе де бұл мүлдем күлкілі емес. Сол кезде мен қатты қорқып кеттім", – деді ол.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда