Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рухани жарымжан адамсың": Сотта Салтанат Нүкенованың Бишімбаевқа жазған хаттары жарияланды

Бишімбаев алқабилерден Салтанат Нүкеновамен жазысқан хаттарына мән беруін сұрады. Ерлі-зайыптының 15-19 шілде аралығындағы әңгімесі жария болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

“Жарайды, екеуімізге бірге болу жазбапты. Қош бол, кек сақтамаймын, бірақ енді сені жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, өшіріп тастаймын. Рухани жарымжан адамсың”, – деп жазған Салтанат. 

Осы сөздерден кейін Салатанат Бишімбаевтың екі қоңырауына жауап бермеген. 

15 шілде күні Салтанат кететіні туралы айтқан, ал Қуандық Бишімбаев әлденені жіберетінін айтады.

“Сен мен үшін көп нәрсе істедің. Заттар мен әшекейлерді жинап жатып олардың сенікі екенін түсіндім. Саған барлығы үшін рақмет. Мен сенің адал болғаныңды білемін. Бұлай болғаны өкінішті. Бір-бірімізді бағалай алмадық”, – деп жазған Салтанат. 

Бұл жолы да сотталушы телефон қоңырауына жауап ала алмаған. 

“Мені де кешір. Екеуімізде одан да жақсы болады. Өз арамыздағы сыйластық пен достықты жоғалтпайықшы”, – деп жазған Бишімбаев.

“Екеуіміз кездескенде менде ештеңе болған жоқ”, – делінген Салтанаттың хабарламасында. 

Келесі хатта Салтанат өз үйінде тыныштық тапқанын жазады.

“Үйде сондай жақсы. Ақыры тыныштық таптым”, – деп жазған Салатанат. Сондай-ақ ол құрбыларымен кездесетінін айтқан.

“Сен Алматыда жүргенде мен осында тұра тұрамын. Түсінуімше, сен қарсы емессің. Осы уақыт ішінде келіскеніміздей барлығын ой елегінен өтікізіп, оңтайлы шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Мен сәл болса да сабырға келіп, жалғыз қалып, бір апта уақытта ұрыспай, қашпай, тұрақтылықты сезінгім келеді”, – деген Салтанаттың сөзіне Бишімбаев “жақсы” деп жауап береді. 

Енді бір хатта Салтанат: “Маған уақытың болмай жатыр ма?” деп сұрайды. Оның бұл сөзіне сотталушы: “Мен гольфтамын. Жаңа адамдармен танысып жатырмын. Барлығы қызық болды”, – деп жауап береді. Салтанат күйеуіне уақытты қызық өткізуін тілейді. 

17 шілдедегі хатта Салтанат Бишімбаевтан өзіне хабарласуын сұрайды.

“Маған хабарласуыңа болады. Сәлем, мен сені сүйемін. Мені кешір, үйге оралшы. Жаным ауырып тұр. Мені түсініп, кешіре алсаң оралшы. Мен де сені кешіремін. Егер бір нәрсені түзей алатын мүмкіндік болса, дұрыстағым келеді. Егер қолыңнан келмесе, сенбесең, сен жоқта мен осында тұра беремін. Үйге барғым келмейді. Ата-анамды көргім келмейді. Рухани ес жиып, жұмыс істеп, пәтер жалдаймын. Кетіп қалу, қайтып оралу, кешірім сұраудың ақымақтық екенін білемін. Бірақ мен берілемін. Сен жоқта маған қиын. Мен  сені сүйемін. Қатты сағындым. Сенің барыңды салып тырысып жатқаныңды бағалаймын . Барлығын қайтадан басынан бастағым келеді. Тым болмаса тырысып көрейікші. Кім біледі, мүмкін біздің қолымыздан келер. Бақытты болып кетерміз”– деп жазған Салтанат Нүкенова.

Сондай-ақ Салтанат жалғыз қалғысы келмейтіні туралы және басқа адамды жақсы көре алмайтыны жайлы жазған.

“Мен бірнеше рет қайтып оралдым, бәріне шыдадым, бәрін кешірдім. Сен мені түсін, кешір. Маған қайтып орал. Шынымды айтсам, “нарцист жанындағы адамды бағаламайды” дегенді оқып алғандықтан кетіп қалдым. Романтикалық кезеңнен кейін қарым-қатынас тағы да босап қалады. Екеуіміздің некемізді зерделей келе барлығының қайталана беретінін түсіндім. Маған өзінің адал, қамқор адам екеніңді дәлелдеші. Мен саған өзімнің жақсы жар болатынымды, сені бақытты ете алатынымды дәлелдеймін. Мен түрлі мақалаларға , кітаптарға сенгім келмейді. Мен саған сенгім келеді. Екеуіміздің бір-бірімізге деген сенімімізді ақтағым келеді”, – деп жазған марқм Салтанат.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың сөзін түсіндірді.

“Мен жай ғана оған көрсеткім келді. Айттым ғой, ол кешірім сұрап, қайта оралып жүрді. Кейін бәрі қайта өзгеретін”, – дейді сотталушы.

Талқылау