Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қос қолымен жыныс мүшесін ұстаған": Атбасарда 67 жастағы көршісі 8 жастағы қызды азғындамақ болған

Ақмола облысында 8 жастағы қыз 67 жастағы көршісі тарапынан сексуалды қорлық көрген. Бала Нұр-Сұлтан қаласынан Атбасарға қонаққа келген. Бұл туралы жәбір көрген баланың анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз

Әйел әлеуметтік желіде 67 жастағы ер адамның көп жылдан бері Атбасардағы үйлеріне көрші тұратынын жазды. Сөзінше, алкогольді ішімдік ішкен соң ол үйінің жанындағы құдықта отырған.

8 жастағы қызым қоршаудан шығып, көршінің тауық қорасына бағыт алған. Ол тауықтарға шөп береді. Ер адам қыздың жалғыз екенін көріп, соңынан ерген. Сосын "Менімен бірге жүр" деп үйімізге қарама-қарсы бұта мен шөп өскен жақты көрсеткен. Қолтығынан ұстап, сүйрей бастаған. Бала жерге отыра қалған. Осы кезде шалбарын шешіп, "Ұстап көрейін" деп айтып, бір қолымен алдыңғы жағынан, екінші қолымен артқы жағынан жыныс мүшелерінен ұстаған", – деді Нұр-Сұлтан тұрғыны. 

Әрі қарай қыз жылай бастаған, ал көршісі ішкөйлегін "алдыңғы жағынан бастап шеше бастаған".

"Қызым айқайлаған. Ол "Аузыңды жап, айқайлама" депті. Сосын баланы көтеріп алмақ болғанда ол сытылып шығып, айқайлап, қашып үлгерген", – деп қосты ол. 

Зардап шеккен қыздың анасы баласының әжесіне жүгіріп барғанын қосып өтті. Олар бірден полиция шақырған. Қазір Қылмыстық кодекстің 124-бабы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша тергеу басталған. Алайда әйел тергеуді тоқтатып тастайды деп қорқады.

"Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің "Сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттері" бабы бойынша қарастырылғанына қарсымын. Оны сол күні ұстады. Мастық деңгейі бойынша сарапта жасалып, киімі тәркіленді. Тырнақтарынан үлгі алып, босатып жіберген. Қазір бұл қауіпті адам бостандықта, үйімізден 15 метр жерде тұрады. Оны қамауға алмағанына таңым бар. Мен заңгер емеспін, алайда бұл – кәмелетке толмаған баланың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс. Оның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыс құрамы жоқ екеніне қарсымын", – деді ол. 

Әйел баласының үлкендерсіз далаға шығуға қорқатынын айтады. Әрі түнде жылап, айқайлайды екен. 

Талқылау