"Көрсетпей істеуге болмай ма?": Күйеуін сахнаға дайындаған Мөлдір Мұқанова сынға қалды
Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова сынға қалды. Күйеуін сахнаға дайындаған әрекетін көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астананың төрінде әзілкеш шығармашылық кеш берген болатын.
“Осылай жүргеніме 20 жыл болыпты. Енді 40 жыл қызмет етсем болды. Сосын демаламыз. Сенің жетістігің – менің жетістігім. Менің энергиямды ала бер. Алла жар болсын”, – деген жүктеген видеосында.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Жұлдызды жұптың өнердегі әріптестері бақыт тілеп, керемет жандарға балап жатыр. Ал оқырмандары көрсетпей-ақ жасауға болады деп сынады. “Осының бәрін жария етпей жасауға болады ғой”, “Жасандылық көп екенін байқап қалдым”, “Негізі әйелді жоқшылықта сынау керек”, “Тұрсынбек бүкіл жағдайын жасап отыр”, “Камера қосулы тұрғасын актриса болып тұр, олардың жеке күтушілері бар” деп жазып жатыр. Әзілкештің әйелі “Алғаш әрі соңғы рет көрсетіп едім, негатив жазып кеттіңдер” деп әзілдеп жатыр.
Сондай-ақ пікір арасында айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайдың домбырасы туралы туралы да сұрады. “Алмаған нәрсені алды деген жалған ақпаратқа сенбеңіз” деп қысқа қайырды Мөлдір.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
