Коронавирустың қауіпті штамы пайда болуы мүмкін - Ғалымдар
Ұлыбритания мен Италия ғалымдары коронавирустың омикронға қарағанда ауыр және жұқпалы штаммының пайда болу ықтималдығын бағалады. Зерттеу Nature Reviews Microbiology журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар омикронды алмастыратын SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штаммы иммунитеттің қорғанысын бұзып өтіп, өмірге қауіпті симптомдарды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
"Антигендік эволюция иммунитеттен бұлтарып, ауыр симптомдарды тудыратын коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін", - делінген зерттеуде.
Ғылыми жұмыста вирус эволюциясы жұққыштықтың жоғарылауымен және иммундық жауаптан айналып өту мүмкіндігімен анықталатыны айтылған. Аурудың ауырлығы, керісінше, эволюцияның жанама нәтижесі ғана.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"