Коронавирусқа қарсы отандық QAZCOVID-IN вакцинасының кері әсері белгілі болды

Вирусқа қарсы отандық вакцинаның жанама әсері белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, клиникалық сынақтың бірінші және екінші кезеңінен соң, екпе салдырған еріктілерде гиперемия, шаншу және қышу секілді кері әсер байқалды.

Қазақстандық дәрігерлер екпе жасауды ескертеді

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Індетке қарсы «QazCovid-IN» вакцинасын сынақтан өткізудің алғашқы екі кезеңіне 400-ден астам ерікті қатысқан. Ал үшінші клиникалық зерттеуге 3000 адам жұмылдырылыпты. Вирусқа қарсы екпе салдырған тұрғындардың әрқайсысына  200 мың теңгеден сыйақы төленген.  

«Бүгінде аталған жобаны Білім және ғылым министрлігі қаржыландырып отыр. Отандық ғалымдар шығарған вакцина 3 клиникалық зерттеуден өтіп жатыр. Гиперемия, шаншу, қышу секілді жанама әсер тек бірнеше еріктіде ғана байқалған. Соның өзінде бірнеше күннен соң дәрігерлердің араласуынсыз өздігінен басылған. Вирусқа қарсы отандық екпенің тиімділігі жоғары әрі оның  қауіпсіз екенін айтуға толықтай негіз бар», - деді ҚР ДСМ ғылым және адами ресурс департаменті жаңа технология басқармасының басшысы Тұрлан Тәукенов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр