Коронавирусқа қарсы маймылдарға жасалған вакцина оң нәтиже көрсетті
Қытайлық дәрігерлердің коронавирусқа қарсы вакцинасының маймылдарға жасаған сынама нәтижелері сәтті аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы bioRxiv ғылыми кітапхананың сайтында жарияланды.
Аталмыш вакцина ағзаның вирусқа қарсы антидене түзуіне алып келген. Маймылдар мен кеміргіштерге қойылған тәжірибе барысында вакцинациядан кейін олардың денесі вирустың 10 штамын жеңе алатын қабілетке ие болыпты. Препаратты дайындауға індетке шалдыққан, жағдайы жеңіл деңгейдегі науқастардың сынамалары қолданылыпты.
Дәрінің ағзаға деген жағымды ықпалы бір-екі аптадан кейін байқалыпты. Екпенің мөлшерін көбейту арқылы маймылдардың инфекцияға төтеп беру қасиеті де артатыны аңғарылған. Тіпті, аздаған мөлшердегі препарат маймылдардың аурудан толығымен айығып шығуына алып келген.
Ғалымдар жақын арада вакциананы адамдарға егіп, клиникалық сынамаларды бастауға болатынын айтыпты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"