Коронавирус жұқтырылған маскалар жайлы хабарламаға денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі маскаларға коронавирус жұқтырылған деген WhatsApp желісіндегі хабарлама жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"WhatsApp мессенджеріндегі Қытай Халық Республикасынан әкелінген гуманитарлық көмекте коронавирус инфекциясы жұқтырылған маскалар туралы аудио хабарлама туралы айтсақ: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет басқа елдерден келетін барлық медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектер белгіленген барлық талаптарға сәйкестігін мұқият тексеруден өткізеді деп сендірді.
"Бұл іс бойынша ақпарат таратушының жеке басын анықтау үшін ішкі істер органдарына берілді. Құрметті азаматтар, сізден әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуіңізді және тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз", - деп түсіндірді департамент өкілдері.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр