Коронавирус Ұлыбритания астанасына жетті
Коронавирус ауруы Ұлыбританияның Лондон қаласында тіркелді. Ресми деректерге сәйкес, сырқаттанған адамдарың саны 9-ға жетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы рет дертке шалдыққан әйел 12 ақпан күні ауруханаға келіпті. Ол қазір Лондонның ауруханасында ем қабылдап жатқан көрінеді. Науқас бірнеше күн бұрын Қытайдан оралған. Ресми өкілдер оның коронавирусты ҚХР-де жұқтырғанын растап отыр.
"Коронавируске жасалған сараптама нәтижесі оң болып шықты. Осылайша Ұлыбританияда ауруға шалдыққандардың саны 9-ға жетті", - деді Англияның бас санитар дәрігері Крис Уитти.
Бұл жағдай елдің астанасында үрей туғызуы әбден мүмкін деп жазыпты британдық БАҚ өкілдері. Ұлибритания билігі науқастар қарым-қатынаста болған әрбір азаматты іздеуді қолға алыпты.
Атап кетерлік жайт, коронавирусты жұқтырғандардың саны 48,2 мыңнан асыпты. Жұқпалы індет осы уақытқа дейін 1310 адамның өмірін жалмап үлгерген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар