Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус қайта күшейді – Үкімет жаңа шектеу шараларын қабылдамақ

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов індеттің ушығуына байланысты қандай шешім қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министрдің орынбасары ведомствоаралық комиссияда барлық маңызды мәселе қаралатынын жеткізді. Атап айтқанда, вакцинация шаралары күшейтіледі.

"Әзірше, шектеу мәселесін көтеріп жатқан жоқпыз. Бірақ вакцинацияны күшейту бойынша нақты шешімдер қабылданады", - деді Тоғжанов журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда вице-премьер коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің екі қалада өсіп жатқанын еске салды. Ол – Алматы мен Нұр-Сұлтан.

"Осы екі қалаға шетел азаматтары да, өз адамдарымыз көп келеді. Әуе байлынысы да көп", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдығу көрсеткішінің өскенін хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,6 есеге - 127-ден 457 жағдайға дейін артқан. Соның басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелген. Екі қалада барлығы 391 науқас (85%) анықталды.

Талқылау