Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус белгілері жоқ тасымалдаушылар қалай оқшаулану керек: Инфекционист түсіндірді

Қазақстан Республикасының жұқпалы аурулар жөніндегі жетекші маманы Динагүл Баешева коронавирустың симтомсыз тасымалдаушылары өзін-өзі қалай оқшаулау керек екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол адамдарға сақтық шараларын қалай орындау және өзін-өзі оқшаулау барысында қандай нақты ережелерге сүйену керек екенін айтып берді.  

"Өздігінен оқшаулау асимптоматикалық тасымалдаушылар, сондай-ақ аурудың жеңіл формасымен ауырып жатқандар арасында жүзеге асады. Оларды жеке, жақсы желдетілетін бөлмені ұсынған жөн. Температура параметрлеріне келетін болсақ: кондиционерлер және барлық басқа салқындатқыш құрылғылар аурудың қоздырғышы болып табылады. Сондықтан белгілі бір температураны ұстап тұру үшін біз бұл құрылғыларды пайдалануды ұсынбаймыз", - деді Динагүл Баешева ОКҚ-да онлайн-брифинг барысында.

Осылайша жетекші маман оқшаулану барысында барлық талаптарды орындауды өтінді. Өзгелердің де өміріне қауіп төндірмеңіз деп кесіп айтты ол. 

"Барлық гигиеналық нормаларды сақтау керек. Отбасы мүшелерімен кездескен кезде барлығы бетперде кию керек. Егер сіз ортақ дәретхана қолдансаңыз, оны жақсылап желдету керек. Жеке ыдыс қолданып, көпшілік орындарға бармаңыз, барынша үйде емделіңіз", - деді жұқпалы аурулар жөніндегі маман.
 

Талқылау