Көркем гимнаст Алина Әділханова Олимпиада финалына өте алмады
Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Алина Әділханова қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 83.800 ұпай жинап, 21-ші орынға тұрақтады.
Алайда бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз.
Әзірге бірінші және екінші орынды ресейліктер Дина мен Арина Авериналар өзара бөлісіп тұр. Үшінші орында израильдік Ашрам Линов орналасқан.
Финалдық кезеңге жолдаманы алғашқы ондыққа енген спортшылар алады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"