Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорғас" шекара аумағында тағы да жаппай төбелес болды

Желіде "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) аумағында болған қақтығыстың видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

"Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, "Қорғас" ШЫХО-да белгісіз біреулер мен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен тағы да төтенше жағдай орын алды. Алайда белгісіз себептермен құқық бұзушыларды ұстамай отыр", - делінген видео астындағы жазбада.

Жетісу облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Сонымен бірге, департамент төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталды - 20-26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындардан 12 адам ғана ұсталды. Олар аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқиға "Қорғас" ШЫХО аумағында қыркүйектің 6-сы күні болды. Төбелеске қатысқан 20-26 жас аралығындағы 12 жергілікті тұрғын ұсталды. Олар аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша жүргізілуде. Оқиға орнынан травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Тергеу амалдары облыстық департаменттің бақылауында", - делінген хабарламада.

Талқылау