"Қорғас" халықаралық орталығының акциялары әкімдікке берілді
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының акциялары республикалық меншіктен шығарылып, Жетісу облысының әкімдігіне берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы үкімет қаулысында айтылған.
"Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне 100% мөлшерінде берілсін", – делінген қаулыда.
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аумақтарында орналасқан сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ туризмді дамыту кешені.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"