Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі: Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өрт қарқыны төмендеді

Қорғаныс министрлі Жамбыл облысында әскери қоймадағы өрт қарқыны бәсеңдегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жарылыс

“Қорғаныс министрі ұшқышсыз ұшу аппараттары кешенімен жабдықталған бақылау бекетінен кеше өрт пен жарылыс болған инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы ахуалды бағалады. Өрт қарқынының төмендегені анықталды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан өзге, Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және Жамбыл облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккендер жеткізілген емдеу мекемелеріне барды. Ауруханаға жалпы 28 адам жатқызылған, олардың бәрі әскери бөлімнің әскери қызметшілері. Медициналық көмек көрсету үшін Тараз гарнизонының әскери госпиталі жұмылдырылды.

Қорғаныс министрлігі Тараз горнизонында Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға және олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету және оңалту тобын құрды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінде және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында "Call-орталықтары" құрылды.

Айта кетсек, қазіргі таңда қоймада болған жарлыстың салдарынан 90 адам жарақат алғаны белгілі болды. Төрт адам апаттың құрбаны болды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың сөзінше, өңірдегі мәселе шешілгеннен кейін ол отставкаға кету туралы өтініш жазбақ. 

Талқылау