Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кореяда қазақстандық жігіт 7 жасар баланы қағып, мемлекеттен қашып кеткен – БАҚ

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында 20 жастағы қазақстандық жігіт үйіне кетіп бара жатқан 7 жасар баланың қағып кеткен. Алайда ол ертесі күні мемлекеттен кетіп қалған.

бала

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kukmin Ilbo басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, оқиға 18 қыркүйекте сағат 15:30-дың шамасында орын алған. 

20 жастағы қазақстандық ер адам 7 жасар баланы көлігімен қағып кетіпті. Салдарнынан бала ауыр жарақат алған. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған көрінеді. Балаға ота жасалып, бүгінде қарқынды терапия бөлімінде жатыр. 

Полиция мәліметінше, қазақстандық азамат жол-көлік оқиғасы орын алған күннің ертесінде ел аумағынан кетіп қалған.

Зардап шеккен баланың әкесі Оңтүстік Корея президентінің резиденциясына петиция жолдап, ұлын қаққан адамды тауып, жазалауын талап етті.

Өз кезегінде Кореяның әділет министрлігі қазақстандық жігітті экстардициялауды сұрап отыр.

Stan.kz тілшісіне оқиғаға қатысты пікір білдірген Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қазіргі уақытта ақпараттың тексеріліп жатқанын, жауап күтіп отырғандарын айтты. 

Талқылау