Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоңқабаев пен Теміржанов Бакудегі турнирдің алғашқы айналымынан аса алмады

Қамшыбек Қоңқабаев пен Серік Теміржанов Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің алғашқы айналымында жеңіліс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: REUTERS/LUIS ROBAYO

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов Баку қаласында өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады. Аса ауыр салмақта сынға түскен Қоңқабаев ресейлік Рамазан Карнукаевпен қолғап түйістіріп, төрешілердің екі ұдай шешімімен жеңіліп қалса, 63,5 келіге ауысқан Теміржанов әзірбайжан Руслан Рустамовқа есе жіберді. Осылайша бұл турнирде алтын алуға үміткер болған басты боксшыларымыз жарыс жолын ерте аяқтады. 


Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 6 алтын жеңіп алды


Айта кетейік, Бакудегі турнирде 10 мемлекеттен 100-ге жуық былғары қолғап шебері сынға түсіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен 6 боксшымыздың тек екеуі ғана жеңіске жетті. 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Сағындық Тоғамбай қарсыластарын еш қиындықсыз ұтса, Дамир Әбіқадыр (51кг) мен Тимур Нұрсейітов (75кг) ұтылып қалды.  

Талқылау